Мемлекет басшысы шағын несие беруді көбейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Мемлекет басшысы шағын несие беруді көбейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы шағын несие беруді көбейтуді тапсырды

Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейеді.

  • 5 Наурыз 2018
  • 207
Фото - Caravan.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі — елдегі шағын несие беруді көбейту, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну ең тиімді механизим болып табылады. 2017 жылы 32 млрд теңгеге барлығы 7200 шағын несие бөлінген болатын. Оның өзінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып шыққан 5 мың азамат өз істерін бастау үшін шағын несиеге қол жеткізе алмады", — деді Елбасы.

Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейеді.

"Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді", — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Салық жүктемесі 10 есе қысқартылсын – Елбасы

Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады

Димаш екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинап бірінші орынды иеленді

Соңғы жаңалықтар