Жарияланды: 30

Мемлекет басшысы соғыс жағдайы мәселелері бойынша Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы соғыс жағдайы мәселелері бойынша Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске салсақ, аталған Заң жобасы Парламентте қаралып, ол бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов баяндама жасаған болатын. Заң жобасы Еңбек кодексіне, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Жұмылдыру дайындығы туралы», «Соғыс жағдайы туралы» заңдарға түзету енгізуді көздейді. Оның негізгі мақсаты мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеу, сонымен қатар бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу болып табылады. Әсіресе «Соғыс жағдайы туралы» Заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы шарасын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін