Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облыстық егіншілермен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облыстық егіншілермен  кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облыстық егіншілермен кездесті

АСТАНА. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының егіншілерімен кездесіп,"Тайынша-Жеңіс" ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің облыстарыңыз елдегі ең басты бидай өндіруші болған, солай бола береді де. Сіздер республика бойынша бидай көлемінің төрттен бірін өндіруге шамаларыңыздың келетініне мен толық сенемін», деді Н.Назарбаев. «Біздің ел дүниежүзі сауда ұйымына кіруге ниет білдіріп отыр, сондықтан ауыл шаруашылығын барынша дамыту қажет. Біздің өнім әлемдік нарықта бәсекелестік тудыратын жоғары сапалы болуы тиіс», деп атап өтті президент.

Сондай-ақ , кездесу барысында облыс әкімі Тайыр Мансұров Елбасына ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісі жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысы жайында мәлімдеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта