5-қыркүйек, сейсенбіде Н.Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына барады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасының облысқа жұмыс сапары Тайынша аудандық орталығында басталады. Онда президент биоэтанол өндіретін «Биохим» ЖШС кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысады. Бұл жерде президент цехтарды аралап, құрылысшы, монтаждаушы мамандармен жүздеседі.
Сол күні Н.Назарбаев «Тайынша-Победа» ЖШС нің егіс алқаптарында болып, дихандармен кездеседі.
Сапардың екінші күні президент Петропавловск қаласындағы «Қызылжар» орталық мешіті мен православиелік Возненесения Господня шіркеуінде болады. Сонымен бірге Елбасы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Отан» партиясы филиалының кеңсесі құрылысында болады.