Мемлекет басшысы Таразда күйші Ықылас Дүкенұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Таразда күйші Ықылас Дүкенұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекет басшысы Таразда күйші Ықылас Дүкенұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Тараз. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Таразда күйші Ықылас Дүкенұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қазан 2008
  • 886
Фото - Caravan.kz

Биыл танымал қазақ күйшісі, халық композиторы Ықылас Дүкенұлының 165 жылдық мерейтойы өтеді. Жуырға дейін күйшінің қобызы оның туыстарында сақталып келген болатын. Осыдан бір ай брын облыс әкімі танымал жерлесіміздің отбасында болып, қобызды сатып алуға ниет білдірген. Сөйтіп қобыз қазір жалпыхалықтық мұраға айналды.

Дәулескер күйші Ы.Дүкенұлы әкесінің күйлерін 7 жасынан орындай бастап, 15 жасында халық алдына шыққан. 19 жасында өзінің тұңғыш күйін шығарды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Гүл қою рәсімінен кейін Елбасы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына келді.

Жедел басқару орталығы Тараз қаласының барлық аймағына қызмет көрсетеді. Күні бүгінге дейін мұнда адамдар көп жиналатын жерлерді және көше қиылыстарындағы автокөлік жиі қатынайтын орындарды сырттан бақылайтын 16 бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ болашақта осында тағы да 12 бейнекамера орнатылмақ. Қазір мұнда 71 полиция қызметкері еңбек етеді.

ЖБО -ның жоспарлы-техникалық кешені «02» телефоны арқылы Тараз қаласынан түскен барлық хабарларды орталықтандырылған жүйе бойынша қабылдайды. Келген хабарларды басқарма офицерлері арасында бөлу және болған оқиғаларға жедел түрде бақылау жасау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, Орталық келген хабарлар мен көрсетілген көріністерді дер кезінде талдап, орын алған оқиғалардың түпкілікті шешімін табуына басшылық жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар