Мемлекет басшысы Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті

Мемлекет басшысы Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Мамыр 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-иордандық қарым-қатынастар Қазақстанның Араб елдерімен ынтымақтастығындағы ең қарқынды дамушы бағыттардың бірі екендігін атап өтті. Инвестициялық саладағы ынтымақтастық табысты дамуда. Иордандық кәсіпкерлер Каспий теңізінің жағалауында «Кендірлі» туристік аймағын дамытуға қатысуға ниетті. Оған 1,5 миллиард доллар инвестиция бағытталады.

Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жандандыруда Қазақстан-иордан іскерлік кеңесі маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы екі елдің жеке секторлары арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды ынталандыру, бизнес форумдарды тұрақты негізде ұйымдастыру қажеттігін атап көрсетті.

Әңгіме барысында тараптар өңірлік және халықаралық проблемалардың кейбір мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті