«Оң тізгінді көліктердің иелеріне қандай да бір уақыт беру керек. Бұл мәселені мұқият қарастыру қажет деп ойлаймын. Мен үкіметке оны тағы бір рет зерделеуді тапсырам»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің бірінші интернет-конференциясы барысында.
«Бұл мәселеде ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі»,- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. «Бізде оң бағытты қозғалыс белгіленген және барлық жол инфрақұрылымы тізгіні сол жақта орналасқан көліктерге есептелген. «Оң тізгінділердің» кесірінен жолдардағы апаттар саны өсуде»,- деді президент, статистика мәліметтерін келтіре отырып. «Осы жылдың 4 айында жол апатының саны 150-ден 212-ге дейін өскен. Апат салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар саны да өсті. Бұл мәселені Қауыпсіздік кеңесінің отырысында қарағаннан кейін де тізгіні оң жақтағы 40 мыңға жуық машина елге енгізілген «,- деді мемлект басшысы. Сонымен қатар, ол «Қазақстанда 100-ге жуық компания көлік тізгінін қайта орнатумен айналысатындағын» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті