Мемлекет басшысы Украина мен мен Израиль елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы  Украина мен мен Израиль елшілерінің  сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы Украина мен мен Израиль елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Украинаның Қазақстандағы елшісі Николай Селивон мен Израиль елшісі Ишай Ранның сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2006
  • 524
Фото - Caravan.kz

Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап көрсеткен Н.Селивон: «Украинаның Қазақстандағы елшісі ретіндегі менің міндетім біздің мемлекеттеріміздің экономика, сауда-саттық, саясат, білім, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығын жан-жақты нығайту және дамыту деп санаймын», — деп атап көрсетті Қазақстан президентімен болған кездесуден кейінгі брифингте.

Украина елшісінің айтуынша, былтыр екі елдің арасындағы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құраған. «Биылғы жылы осынау көрсеткіштің 1,5 миллиард долларға жетуіне алғышарттар бар», — деп атап көрсетті Н.Селивон өз сөзінде.

Израиль елшісі И.Ран да Қазақстан-Израиль қатынастарының одан әрі дамуына үміт білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта