Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.

  • 15 Шiлде
  • 3
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті  спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.