Мемлекет басшысы Ұлттық банктің алдына қаржы секторын нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің алдына қаржы секторын нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің алдына қаржы секторын нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сайденовты қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қазан 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

Ә.Сайденов президентке Ұлттық банктің инфляция мен ақша айырбастау бағамының саясатын бақылау жөніндегі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің алдына еліміздегі қаржы секторын нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ кездесу барысында алдағы уақытта жүргізілетін ақша ауыстыру және айналымға ұлттық валютамыз теңгенің жаңа үлгідегі банкноттарын енгізу мәселелері талқыланды.

«Мемлекет басшысы Ұлттық банкі мен үкіметтің бақылауы аясында инфляцияны ауыздықтау шараларын бірлесіп әзірлеу қажеттігін атап көрсетті. Ағымдағы жылдың тоғыз айында инфляция 5,9% құрады, жылдық орташа деңгей 8,5% тең. Мемлекет басшысы инфляцияны осы шекте ұстап тұруды тапсырды. Ұлттық банктің, қаржылық бақылау агенттігі мен үкіметтің бірлесе отырып қабылдаған шаралары осы міндетті орындауға мүмкіндік береді, — деді Ә.Сайденов журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта