Мемлекет басшысы Үндістан және Пәкістан президенттеріне жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Үндістан және Пәкістан президенттеріне жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Үндістан және Пәкістан президенттеріне жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан президенті Абдул Калам мен Пәкістан президенті Первез Мүшарафқа жер сілкінісі салдарынан көп адамның құрбан болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне президенттің баспасөз қызметі.

  • 11 Қазан 2005
  • 537
Фото - Caravan.kz

Жеделхатта былай делінген: «Көптеген кісінің өмірін қиған, елдеріңізге зардап әкелген жер сілкінісі туралы суыт хабарды жан күйзелісімен қабыл алдым».
«Осындай ауыр сәттерде қайғыларыңызды шын жүрегіммен бөлісетінімді білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан табиғи апат салдарынан жақындарынан айрылған әулеттерге көңіл айтамын», делінген жеделхатта.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта