Мемлекет басшысы Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты оның туғандарына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты оның туғандарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты оның туғандарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп жазады Ақорданың ресми сайты.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz

Жеделхатта Қазақстан Президентінің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар оның есімі мен ел алдындағы еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.


Ұзақбай Қараманұлы Қараманов 1937 жылдың 20 тамызы күні Қызылорда облысы Арал ауданының Ұялы ауылында дүниеге келген. ҚазСРО Министрлер Кеңесінің соңғы төрағасы және ҚазСРО-ның тұңғыш Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар