Бұл келісім бойынша Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының , оған мүше мемлекеттер өкілдері мен лауазымды қызметкерлердің халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтары, құқығы мен иммунитеттері дәйектелген. Келісімнің 3-бабына сәйкес Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының мүлкі мен активтеріне қол сұғылмайды. Сонымен бірге Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы тікелей салықтар мен алымдардан, баж салығынан, сондай-ақ, нақты даяшылық төлемдерінен басқа кейбір төлемдерден босатылады. Келісімде сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының лауазымды қызметкерлерінің құжаттары мен жеке бастарына қол сұғылмау принципі жарияланған.
Елбасы сондай-ақ, 1992-жылдың 15-мамырында қол қойылған Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құрылымдарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы хаттаманы бекіту жөніндегі заңға қол қойды. Бұл заң да 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарияланды.