Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Ш

  • 19 Ақпан
  • 2
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.