Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
«Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.