Жарияланды: 380

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасына еліміздің сот корпусында тәртіпті нығайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Б.Бекназаров Президентке сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде қабылданған шаралар, Жоғарғы Соттың барлық деңгейдегі соттарда ашықтықты, қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндады. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің сот корпусында тәртіпті нығайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін