Мемлекет басшысы жолдауында баспанамен қамту мәселесін қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы жолдауында баспанамен қамту мәселесін қозғады

Мемлекет басшысы жолдауында баспанамен қамту мәселесін қозғады

Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асады

  • 10 Қаңтар 2018
  • 202
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылы баспанамен қамту көрсеткішін қазіргі 21,6 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырды. Бұл туралы Елбасы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды баспанамен қамту көрсеткішін 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырды.

"Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек", — деді Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, бұл міндетті орындау үшін құрылысқа заманауи технологиялар енгізу өте маңызды. Құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керек.


"Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығы мен энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет. Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады", — деді президент.

 

Соңғы жаңалықтар