Жарияланды: 430

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Шымкент. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен ОҚО келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мен ОҚО әкімі Нұрғали Әшімов және басқа да ресми тұлғалар еріп жүр. Президент бүгін екі медицина мекемесінде болды және Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығымен кездесуде өңірдегі денсаулық сақтаудың жалпы жай-күйін талқылады. Президент сапарының мақсаты - Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысымен танысу. Президент жұмыс сапарында назар аударған алғашқы нысан - Қан орталығы болды. Мекеме жұмысқа іс жүзінде дайын тұр. 2006-2007 жылдары оңтүстікқазақстандық балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыруы жергілікті атқарушы органдарды ол кездегі жұмыс істейтін Қан құю орталығының жұмыс ұстаныма басқаша көзқараспен қарауға және жаңа Қан орталығын салуға итермеледі. Жұмыс өткен жылы қолға алынған болатын. Шымкенттің "Нұрсәт" деп аталатын шағын ауданында республикалық бюджет қаражаты есебінен бірегей жаңа Қан орталығының құрылысы басталды. Оның сметалық құны 1 млрд. 773 млн. 488 мың теңгені құрады. Ол 1,8 гектар жердің аумағын алып жатыр. Қуаты жылына 20 мың литр болатын қанды және оның компоненттерін даярлау бойынша заманауи жаңа медицина мекемесін "Idsumy" мердігерлік компаниясы салды. Өткен жылы нысан құрылысы үшін бөлінген жалпы соманың 1 468 000 мың теңгесі игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 805 млн теңге жұмсалды. 915 млн теңге қан және трансфузиология қызметтері салаларындағы жетекші өндірушілер: Revco (США) және MacoPharma (Франция) компанияларынан медицина жабдықтарын сатып алуға жұмсалды. Бұл жұмыстарды да "Idsumy" компаниясы жүргізді. Қазір жабдықтар жұмысқа әзірленуде, қызметкерлер оқытылып жатыр. Қан орталығын іске қосу қан әзірлеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді және облыс халқын, соның ішінде балалар мен екіқабат әйелдерді сапалы қан препараттарымен және оның құрамдарымен қамтамасыз етеді. Заманауи технологиялар бұл жерден алынатын препараттардың тазалығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жаңа қан орталығы - Оңтүстік Қазақстан облысында жасалған "2007-2010 жылдарға арналған ВИЧ және СПИД індеттерінің алдын алу және емдеудің аймақтық бағдарламасы" ауқымында ашылып отыр. ВИЧ және СПИД індеттерінің алдын алу және емдеу жөніндегі жоспарланған жұмыстарға биыл республикалық бюджеттен 115,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 365,4 млн. теңге бөлінді. Қауіпті дерттің алдын алудың тағы бір ірі кезеңі - Медициналық аспаптар мен бұйымдарды зарарсыздандыру орталығы құрылысы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін оның барысымен де танысты. ҚР президенті өзінің тапсырмасы бойынша атқарылған жұмысты оң бағалады және тіпті делегация мүшелеріне алғашқы болып орталықта қан тапсыруды ұсынды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін