Мемлекет басшысы цемент өндірудің технологиялық схемасымен танысты. Сонымен бірге өндірілген өнімнің көрмесі президент назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы күйдіру цехының жұмысымен танысып, кәсіпорын қызметкерлерімен пікірлесті.
«Семейцемент» АҚ өз өнімдерін «Қазмырыш», «Қазхром», «Дон кен байыту комбинаты» АҚ мен Астанадағы құрылыс нысандарына сатады. 2002-жылы зауытта цементті буып-түюге арналған жаңа технологиялық желі іске қосылды. Желі жылына 10 млн. қап цемент шығара алады. Қазір кәсіпорын жылына 1 млн. тонна өнім өндіре алатын цементті құрғақ тәсілмен өндіруге бағытталған жаңа технологияны қолданысқа енгізу жөніндегі бизнес-жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр.