Caravan Logo

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Елбасы онда бүгін "Өскемен титан-магний комбинатының" магний өндірісі цехында болады, №1 кәсіптік-техникалық оқу-білім және өндірістік базасымен танысады, одан кейін Глубокое ауданындағы Краснояр ауылдық округінің Предгорное ауылында ауыл әкімдерімен кездесу өткізеді деп күтілуде. Кездесуге сонымен қатар, барлық деңгейлердегі әкімдер мен депутаттар шақырылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі Әділғазы Бергенев мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен өңір экономикасының жаңа даму бағыттары жайлы есеп береді.