Мемлекет басшысына ҚР Парламенті Сенатының спикері биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары туралы баяндады
![]() |
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. |
Кездесу барысында Қ.Мәми Сенаттың биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қызметінің 10 жылдығына байланысты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламенттің жоғары палатасының жоспары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында алдыға қойылған міндеттерді іске асыруға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Атап айтқанда, тиісті өзгеріс пен толықтыру енгізуді қажет ететін нормативтік-құқықтық актілер анықталуда.
Бұдан бөлек, Сенат төрағасы депутаттардың еліміздің облыстарының халқымен жұмысы жайлы әңгімеледі.
Қазақстан Президенті Парламент депутаттарының өңірлердегі тұрғындармен жылжымалы кездесулер өткізулері маңызды екеніне тоқталды және мұндай іс-шаралар түрлерінің ауқымын кеңейте отырып, кәсіпорындарда, мектептерде, ауруханаларда және өзге де маңызды әлеуметтік нысандарда кездесулерді ұйымдастырудың қажеттігін атап өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін