Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
— Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды, — деп жазды Уәли.