Caravan Logo

Мемлекет басшысының әр тапсырмасы бойынша нақты шаралар қабылдау қажет

Мемлекет басшысының әр тапсырмасы бойынша нақты шаралар қабылдау қажет

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

С. Ахметов «Мемлекет басшысының тапсырмаларын тез арада орындауды ұйымдастырудың» маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Премьер-Министр Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша орталық атқарушы органдардың басшыларына нақты міндеттерді жүктеді.

«Мемлекет басшысының әр тапсырмасы бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Менің орынбасарларыма Мемлекет басшысы тапсырмаларының мазмұндық жағына және олардың сапалы орындалуына қатысты жұмыс жүргізуге, тапсырмаларды жүзеге асыру барысын жіті қадағалауға тапсырамын», - деді Премьер-Министр.