«Мемлекет басшысы интернет- конференцияның тақырыбы ретінде инновация тақырыбын таңдады, сол себепті біздің ақпараттық шарамызға «Қазақстан — энергия және инновациялар» тақырыбы басты арқау болмақ. Интернет-конференцияның тақырыбын ескеріп, сауалдардың басым бөлігі осы тақырыпта болады деп үміттенеміз»,- деді баспасөз хатшысы.
«Мемлекет басшысы интернет конференция барысында ең басты деп танылған 30 сұраққа жауап береді. Президент жауап беретін сауалдар іріктеледі. Біз ең басты деп танылған 30 сауалмен шектелмекпіз»,- деді баспасөз хатшысы.
«Президент on-line режимінде 2 сағат ішінде сұрақтарға жауап қайтарады. «Сұрақтарға мемлекет басшысының өзі тікелей жауап береді. Алдын-ала дайындық көзделмеген. Президент ахуалды және ақпараттарды жақсы білетіндіктен сұрақтарға бірден жауап береді»,- деді баспасөз хатшысы. «Әрине, президент ауызша жауап береді, операторлар ол жауаптарды on-line режимінде web-парақшаға шығарады»,- деді Е.Байжанов.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, бірінші күні 300-ден астам сауал келіп түскен. «Сауалдар кешеден бері келіп түсіп жатыр, сұрақтар 7-маусым күнгі сағат 12-ге дейін қабылданады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында мемлекет басшысының on-line интернет-конференциясы өтеді. Президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе akorda@e.gov.kz электронды пошта адресіне жолдауға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті