Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды

Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасы бүгін Глубокое ауданындағы Предгорное кентіне барып, Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар мен аудандардың және ауылдық округтердің әкімдерімен кеңес өткізді.

Кеңесте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы жиналғандар назарын Қазақстанды одан әрі серпінді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарлардың табысты іске асуы атқарушы билік органдарының кәсіби, байыпты іс-қимылына тікелей байланысты екендігіне аудартты.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу тетіктерін қарастыратын заң жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды.

Мемлекет басшысы мәслихаттардың жұмысын жандандыру және олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ұдайы арттырып отыру қажеттігіне көңіл бөлді.

Елбасы сондай-ақ Әкімнің мәртебесін көтеру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттікті бөлу жөніндегі мәселені шешу қажеттігіне тоқталды.

Үкіметке әкімдіктер мен орталық атқарушы биліктің аумақтық бөлімшелерінің құрылымдарын Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясына сәйкестендіру міндеті жүктелді. Сонымен қатар, министрлер кабинеті барлық мүдделі тараптарды, әсіресе түрлі деңгейдегі әкімдерді қатыстыра отырып, осы кеңесте көтерілген мәселелерді талқылаудан өткізіп, тиісті шешімдер қабылдауы тиіс.

Н.Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың түпкі мақсаты мемлекет ұсынған қызметтердің сапасына халықтың көңілін толтыру болып табылатынын атап өтті. Бұл — мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін бағалаудың басты өлшемі.

Содан кейін Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы №1 кәсіби лицейге келді. Н.Назарбаев шеберханаларды аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті.

Сол күні Елбасы «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ында болып, магний өндіру цехының өндірістік циклімен және шығарылатын өнімдердің көрмесімен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар