Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді - Шүкеев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді - Шүкеев

Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді - Шүкеев

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденовтың баяндамасын тыңдаған Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі тұрғындарды республика бойынша тиімді орналастыру жүйесін қарастыратын "Нұрлыкөш" бағдарламасының жобасы бойынша баяндама жасады.

  • 6 Тамыз 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба қазір жасалып жатқан көші-қонды басқару жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның құрамды бөлігі болып табылады. «Жобаның мақсаты — шетелдерде тұратын отандас қазақтарды және келешегі жоқ өңірлерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне сай ерікті негізде тиімді таратып қоныстандыруға саяды», -деді С. Әбденов.

«Қоныстандыру жетекші қалалардың төңірегінде өзіндік экономикалық мамандандырылған бағыты мен дамыған еңбек нарығы бар шағын серіктес қалаларды дамыту арқылы жүзеге асырылады», -деді министрлік өкілі. Оның айтуынша, жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев «мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға үй бермейтінін» тағы бір шегеледі. «Баспана сатып алу деген енді болмайды, біз несие беретін боламыз», — деді ол.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бағдарламаны қаржыландыру мәселелерін қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар