Caravan Logo

Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді - Шүкеев

Мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға баспана бермейді - Шүкеев

Бұл жоба қазір жасалып жатқан көші-қонды басқару жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның құрамды бөлігі болып табылады. "Жобаның мақсаты - шетелдерде тұратын отандас қазақтарды және келешегі жоқ өңірлерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне сай ерікті негізде тиімді таратып қоныстандыруға саяды", -деді С. Әбденов.

"Қоныстандыру жетекші қалалардың төңірегінде өзіндік экономикалық мамандандырылған бағыты мен дамыған еңбек нарығы бар шағын серіктес қалаларды дамыту арқылы жүзеге асырылады", -деді министрлік өкілі. Оның айтуынша, жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев "мемлекет бұдан былай шетелден көшіп келген қазақтарға үй бермейтінін" тағы бір шегеледі. "Баспана сатып алу деген енді болмайды, біз несие беретін боламыз", - деді ол.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бағдарламаны қаржыландыру мәселелерін қысқа мерзімде шешуді тапсырды.