Жарияланды: 540

Мемлекет энергия үнемдеу туралы жаңа заң қабылдауы қажет - депутат С.Есілов

Мемлекет энергия үнемдеу туралы жаңа заң қабылдауы қажет.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында энергия тиімділігі және энергия үнемдеу тақырыбында өткен дөңгелек үстел басталар алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сансызбай Есілов айтты. «Егер кәсіпорын электр энергиясын тиімді пайдаланатын болса, онда оған заңнамалық ынталандыру қарастырылу қажет. Тіпті пәтер иесі де энергияны тиімді пайдаланатын, электр энергиясын аз тұтыну үшін қолынан келгенін жасайтын болса, онда бұл да оған тиімді әр қызықты болуы керек», -дейді ол. Сонымен қатар С.Есіловтің пайымынша, мемлекет іс жүзінде енгізуге болатын жоғары энергия үнемдейтін технологияларды ұсынуы қажет. Ондай технология қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде қолдануда. Алқалы жиын барысында энергия тиімділігі және энергия үнемдеу проблемалары бойынша заңнамалық базаны жетілдіру, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін талдау, жаңаратын энергетика мен энергия тиімділігін дамыту жолдары, балама энергетиканы дамыту проблемалары сынды мәселер қозғалды. Отырыстың қорытындысы бойынша мүдделі тараптар үшін нақты ұсыныстар әзірленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть