Мемлекет тарапынан шағын бизнес субьектілерінен тауар және қызмет түрлерін сатып алу квотасын 20 процентке дейін арттыруға болады- ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет тарапынан шағын бизнес субьектілерінен тауар және қызмет түрлерін  сатып алу квотасын 20 процентке дейін арттыруға болады- ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

Мемлекет тарапынан шағын бизнес субьектілерінен тауар және қызмет түрлерін сатып алу квотасын 20 процентке дейін арттыруға болады- ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

"Бүгінгі баяндамада жарияланған сан-деректерге қарағанда мемлекет тарапынан шағын бизнес субьектілерінен тауар және қызмет түрлерін сатып алу квотасын 1,5 есе немесе 15 процент емес, тіпті 20 процентке дейін арттыруға болады". Бұл туралы бүгін, 9-желтоқсанда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов мәлімдеді.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 775
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның экономика саласында ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға ден қоюы мен оларды «қазақстандық сипатқа » көшіруге қадам басуы барысында шағын бизнеске мейлінше басымдық берілуі тиіс»,- деді ол.

А.Павловтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету мәселесі бойынша министрліктер мен мекемелерге бүгін берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау және талдау жүйесін қалыптастыруы тиіс.
Квота мерзімін арттырумен бірге үкімет басшысының бірінші орынбасары үкімет мүшелеріне мемлекеттік мекемелердің бақылау-қадағалау функцияларын жүйелеу, сондай-ақ, шағын және орта бизнес субьектілерін тексерулер санын азайту жөніндегі ұсыныстарды 2004-жылдың 10-қаңтарына дейін дайындауды тапсырды. Әділет министрлігіне «шағын бизнеске қатысты барлық заңнамаларға ревизия жасап, кәсіпкерлік туралы біртұтас заң жобасын жасауды заң жобалау жұмыстарының болашақ жоспарына қамту» туралы тапсырма берілді. «Сондай-ақ, әділет министрлігі мекемелік құқықтық-нормативтік актілердің шағын бизнес саласын реттеуші заңнамалық актілерге қайшы келу дерегін анықтау үшін қосымша ревизия жүргізуі тиіс»,- деді А.Павлов.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ, шағын бизнесті қолдау бағытындағы бағдарламалар жасауда үкімет пен жергілікті атқарушы билік арасындағы ара байланыстың осалдығын атап көрсетті. «Бұл бағытта нақты мақсатты мониторинг мүлдем жүргізілмейді, соңғы бір жылда біз аталмыш мәселе бойынша жекелеген аймақтардың ахуалы туралы бірде-бір басшының есебін тыңдаған жоқпыз. Осы бағыттағы жұмыстарды пәрмендендіріп, аймақ басшыларының есебін тыңдай отырып шағын бизнеске микрокредит бөлуге бағытталған нақты бағдарлама қажет»,- деді ол.
«Қазір аталмыш проблеманы шешуде аймақтар бір бағытта, ал үкімет өз алдына басқа бағытта кетіп бара жатқандай сезім туындайды. Сол себепті ендігі жерде осындай ахуалды жөнге салу керек»,- деді үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар