Елімізде бұл тетікті іске қосу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң қабылданады, деді президент. «Үкіметтік емес ұйымдар атқаратын әлеуметтік маңызды жобаларды мақсатты түрде қаржыландыру » жұмысын біз осы заңға сәйкес жүзеге асыратын боламыз деді ол. Н.Назарбаев осы бағыттағы алғашқы қадамдар жасалғанын атап көрсетті. 2003-жылы бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 42 млн. теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың 20 жобасы іріктеліп, олар қазірдің өзінде жұмысқа кірісті деді Елбасы. Мемлекет басшысының пікірінше, «әлеуметтік тапсырыс туралы заңның қабылдануы нәтижесінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық жүйелі негізге көшеді».
Н.Назарбаев әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып отырады дегенге сендірді. Алайда, деді ол,- «мемлекет бөлінген қаржының тиісті мақсатта әрі тиімді пайдаланылуына мүдделі». Осыған байланысты Елбасы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін өзара тиімді ықпалдастыққа шақыра отырып , «әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға бөлінген қаржының пайдаланылуына қойылатын талап мейлінше қатаң болатындығын» атап өтті.