Мемлекет тарихы институты ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 кітап шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет тарихы институты ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 кітап шығармақ

Мемлекет тарихы институты ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 кітап шығармақ

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық ғылым академияда оның 2-еуі оқырман назарына ұсынылды.

  • 7 Сәуiр 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Былтыр 15 кітап шығарсақ. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 кітап шығарамыз деп отырмыз.

Бүгін сол кітаптардың екеуінің тұсаукесері. Біріншісі, «Қазақстандағы президенттік билік институты: тарих, тағылым, тәжірибе», екіншісі «Независимый Казахстан и Лидер нации» деп аталады. Жалпы бұл кітаптардың барлығы тарихи-танымдық монографиялар», — дейді еңбектерді дайындауға жетекшілік еткен ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған.

Оның атап өтуінше, алғашқы ұжымдық еңбекте еліміздегі президенттік билік институтының қалыптасуы ұлттық және әлемдік тәжірибе аясында қарастырылып, оның ерекшеліктері айқындалған. Сонымен қатар Президент мәртебесі мен өкілеттігі, оның заң шығарушы, атқарушы сот биліктеріне қатысты өкілеттіліктерінің жүзеге асырылу мүмкіндіктері, сыртқы саясат саласындағы қызметі нақты деректер негізінде талданған.

Ал екінші монографияда Кеңес Одағы құлағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттік қалыптасу кезеңдеріне сараптама жасалған. Кітапта тәуелсіздік алдындағы және қазіргі кезеңге дейінгі оқиғалар қамтылып, Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық қатынастар мәселелері қарастырылған. Мемлекет басшысының тәуелсіз мемлекетті құру әрі нығайту жолындағы тарихи рөлі маңызды деректер мен дәйектер келтіріле отырып, жақ-жақты зерделенген.

Әрқайсысы 1000 данамен жарық көрген монографиялар тарихшыларға, саясаттанушыларға, сонымен қатар еліміздің саяси тарихына, қоғамның саяси жүйесіндегі Мемлекет басшысының рөліне қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Перейти к новостям спорта