Мемлекет үшін қай арнаның экономикалық тиімділігі жоғары? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет үшін қай арнаның экономикалық тиімділігі жоғары?

Мемлекет үшін қай арнаның экономикалық тиімділігі жоғары?

2024 жыл мемлекеттік телевизия үшін тұрақты коммерциялық табысқа шығатын уақыт болуы тиіс. Себебі букмекерлік жарнамада олардың позициясы заңнамалық өзгерістер әсерінен жақсы күшеймек.

  • 22 Тамыз
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы мемлекеттік телесектордың басты ойыншылары – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі 2023 жылдың қаржылық есебін жариялады, деп жазды қаржы маманы Айбар Олжаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Caravan.kz медиа порталы толық тарқатады.

2023 — қазақ телевизиясы үшін экономикалық тұрғыда ең тиімді жыл болды. Мұндағы басты назарға алатын дүние таза пайда құрылымы, яғни арналар қаншалықты коммерциялық табыс тауып жатыр деген мәселе.

Хабардың табысы 19,8 миллиард теңге, ал одан алынған таза пайдасы 78,6 миллион теңге болды. Таза пайданы «Хабар» агенттігі дивиденд ретінде мемлекетке төледі. Табыстағы 19,8 миллиардтың 17,38 миллиарды мемлекеттік тапсырыс. Таза коммерциялық нарықта (жарнама, қызмет көрсету) Хабар 2,4 миллиард теңге тапты. Бұл 2022 жылғы коммерциалық көрсеткіштен 250 миллион теңгеге артық.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 40,5 миллиард теңге табыс, 225,7 миллион теңге таза пайда көрсетті. Оның ішінен мемлекетке 215 миллион теңге дивиденд тиесілі. 2023 жылы мемлекет «Қазақстан» корпорациясына 26,7 миллиард теңге берді деп санасақ, коммерциядан 13,8 миллиард теңге түсіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Мемлекет үшін қай арнаның экономикалық тиімділігі жоғары?

Мұны ROI принципімен есептеп көрсе болады. Яғни, мемлекет берген қаржының қанша пайызы дивиденд ретінде қайтты? Хабар мемлекеттен 17,38 миллиард теңге алып, дивиденд ретінде 78,6 миллион теңге берді. Қазақстан 26,7 миллиард теңге алды, бірақ 215 миллион теңге қайтарды. Сонда «Қазақстан» корпорациясының тиімділік көрсеткіші 0,8%, ал Хабардікі 0,45% болды. «Қазақстан» телеарнасы экономикалық тұрғыда «Хабарға» қарағанда екі есе тиімдірек жұмыс істейді.

2024 жыл мемлекеттік телевизия үшін тұрақты коммерциялық табысқа шығатын уақыт болуы тиіс. Себебі букмекерлік жарнамада олардың позициясы заңнамалық өзгерістер әсерінен жақсы күшеймек.

Ал 2025 жылы Қазақстан/Хабар секторындағы табыстың тең жартысы коммерциядан келе бастауы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік бюджетке телевизия салып отырған салмақты 20-25 пайызға азайтуға мүмкіндік пайда болады.