Жарияланды: 500

Мемлекет журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов мемлекет өз журналистерін қорғауға тиіс деп есептейді. Ол премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында осындай пікір білдірді.

«Бір проблемаға назар аударғым келеді, бұл – журналистердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қай жақтан болмасын, БАҚ өкілдеріне қысым көрсетілмеуге тиіс. Сыртқы күштер журналистерге шындықты айтуға, ақпарат іздеуге және оны табуға мүмкіндік беріп, оларға өздерінің кәсіби міндеттерін адал орындау үшін жағдай жасауға тиіс», - деді Ж. Сүлейменов сәрсенбі күні пленарлық отырыста. Оның пікірінше, «мемлекет қоғамдық парызын адал атқаратын журналистердің еңбегін тұрақты бақылап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс». «Олардың қоғамдық маңыздылығы мен қызметін ескере отырып, оларды түрлі қауіптерден қорғау керек», - деді мәжілісмен. Өзінің сауалында ол 25 мамырда Астанада қазақстандық БАҚ бас редакторларының форумы өткенін еске салды. Қатысушылар журналистерге қолдау мәселесін талқылады. Бас редакторлар «БАҚ-ты мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң қабылдау керектігін, мерзімді басылым мен электрондық БАҚ үшін қосымша құн салығын алып тастап, БАҚ қызметкерлеріне арнайы қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті, соның ішінде журналистерді әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланатындардың тізіміне енгізіп, оларға зейнетақы есептеу кезінде кәсіби санатын анықтау керектігі айтылды. Депутат бұл ұсыныстардың бәрін қолдайтынын және бұл талаптарды орынды деп есептейтінін атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть