Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады
Бішкек. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында 2008 жылдың 24 тамызында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап. |
Қырғызстанның көлік және коммуникациялар министрлігі комиетет өкілі Леонид Каширскийге сілтеме жасай отырып, Бішкек түбіндегі апатқа пилоттың қателігі себеп болған деп хабарлады.
"Итек Эйр" әуекомпаниясына тиесілі "Боинг-737" ұшағы Иранның "Ассеман эйр" әуекомпаниясының Бішкек - Тегеран бағытындағы рейсіне 24 тамызда шыққан. Жерден көтерілгеннен бірнеше минуттан кейін экипаж апаттық жағдайда қонатынын хабарлаған, алайда Манас әуежайының қону жолағына жете алмады. Лайнер Жаны-Жер ауылының маңында құлап, жанып кетті. Ұшақ бортында 90 адам - 83 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Қырғызстан, Иран, Қазақстан , Қытай, Канада азаматтары - 67 адам қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін