Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады

Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады

Бішкек. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында 2008 жылдың 24 тамызында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 338
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның көлік және коммуникациялар министрлігі комиетет өкілі Леонид Каширскийге сілтеме жасай отырып, Бішкек түбіндегі апатқа пилоттың қателігі себеп болған деп хабарлады.

«Итек Эйр» әуекомпаниясына тиесілі «Боинг-737» ұшағы Иранның «Ассеман эйр» әуекомпаниясының Бішкек — Тегеран бағытындағы рейсіне 24 тамызда шыққан. Жерден көтерілгеннен бірнеше минуттан кейін экипаж апаттық жағдайда қонатынын хабарлаған, алайда Манас әуежайының қону жолағына жете алмады. Лайнер Жаны-Жер ауылының маңында құлап, жанып кетті. Ұшақ бортында 90 адам — 83 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Қырғызстан, Иран, Қазақстан , Қытай, Канада азаматтары — 67 адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар