Мемлекетке 1,15 миллион гектар жер қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетке 1,15 миллион гектар жер қайтарылды

Мемлекетке 1,15 миллион гектар жер қайтарылды

Жыл басынан бері қайтаруға жоспарланған 2 млн га ауыл шаруашылығы жерінен 1,15 млн гектары қайтарылды

  • 31 Шiлде
  • 3
© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өту

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жер ресурстарын басқару комитеті жарты жылда атқарған жұмысы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, жарты жылдың ішінде екі мыңнан астам тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде 2174 жер заңнамасын бұзушылық анықталып, 231,4 млн теңгеге айыппұл салынды. Ал жер учаскелерін беру бойынша 1711 заңсыз шешім жойылуға жатады.

«Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі тапсырмасын орындауға қатысты осы жылдың басынан бері 1,33 млн га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 875 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 836,7 мың га алаңда 614 нұсқама енгізілді, 48 материал сот органдарының қарауында. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 217,5 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Жалпы жыл басынан бері қайтаруға жоспарланған 2 млн га ауыл шаруашылығы жерінен 1,15 млн гектары қайтарылды», — дейді Теміржанов.

Сонымен қатар, кейбір өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі жоспарды орындаудың төмен көрсеткіштері байқалады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында жоспарланған 160 мың гектардан 48,1 мың гектар, Атырау облысында 90 мың гектардан 16,8 мың гектар жер қайтарылды.