"Мемлекеттен бөлінген миллиардтаған қаржы қайда?": Журналист Париж олимпиадасынан еш сабақ алмаған шенеуніктерге шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мемлекеттен бөлінген миллиардтаған қаржы қайда?": Журналист Париж олимпиадасынан еш сабақ алмаған шенеуніктерге шүйлікті

"Мемлекеттен бөлінген миллиардтаған қаржы қайда?": Журналист Париж олимпиадасынан еш сабақ алмаған шенеуніктерге шүйлікті

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Париж олимпиадасынан еш сабақ алмаған шенеуніктерді сынға алды.

  • 22 Тамыз
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Негізгі мәселемен қашан айналысамыз? Париж олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыздың аяғын жерге тигізбей, барынша сый-құрмет көрсетіліп жатыр. Бүгін Алматы қаласының әкімі жүлдегерлерге көліктің де, пәтердің де кілттерін табыстады. Бұл үрдіс бұған дейін де болады, бұдан кейін де бола берері анық. Әрине, осы тұрғыда жергілікті халықтың және жергілікті басшылардың дархандығына рахмет. Ешкімді елеусіз қалдырмады. Бірер күн бұрынғы «Неге Нариманға бермеді?» немесе «Неге Александраға бермеді?» деген сұрақтар өзектілігін жойды деп ойлаймын. Спортшылардың да ешқандай өкпесі болмауы керек. 

Айтпағым, негізгі мәселелерді не істейміз? Париж олимпиадасының аяқталғанына 10 күнге жуықтады. Тек қана таэквондо федерациясының басшылығы ғана түгел отставкаға кетті. Бұған қоса, бокста Мырзағали Айтжановты құрбандыққа шалдық. Басқа бағыттар бойынша не істейміз? Не істелуі керек? Париждегі ойындардан кейін қандай қорытынды жасалды және енді қай бағытта қозғаламыз? Неге федерация басшылары ашық есеп бермейді? Мемлекеттен бөлінген миллиарттаған қаржы қайда жұмсалды? Не ол өз-өзін ақтамады? Неге тиісті нәтиже болмады? Легионерлерді не істейміз? 184 спорт түрін не қыламыз? Әзірге бұл сұрақтардың жауабы жоқ.

Егер біз тағы 10 күн үнсіз жүрсек, ары қарай ештеңе өзгермейді. Бәрі сол күйінде қалады деген сөз. Өйткені, қыркүйекте Көшпенділер ойындары басталады. Одан кейін футболдан ұлттар лигасы, футзалдан әлем чемпионаты деп кетеміз. Темірді қызған кезінде соғу қажет. Егер шұғыл шаралар қолға алынбаса, Токиодағы және Париждегі жағдай Лос-Анджелесте де қайталанады. Мен оған сенімдімін. Сол кезде ғана санымызы соғып, бармағымызды шайнап отырамыз. Оның алдын алу үшін қазірден әрекет етуіміз керек…», — деп жазды журналист.