"XXI ғасырда әлемге басқаша көзбен қарау мүмкіндігін жаһандану беріп отыр. Әлемдік экономика мен адам әлеуетін дамытуға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, сонымен бірге ол ғаламдық саяси-экономикалық бәсекелестіктің жаңаша шиеленісе түсуіне алып келді", - деді М.Тәжин.
Осыған байланысты оның пікірінше, "осындай бәсекелестіктің пайдасына бола халықтар мен елдердің мүддесін құрбан етпеулің маңызы арта түсті".
"Кейінгі уақыттағы қиындықтар мен коллизияларға қарамастан, халықаралық құқықтың базалық постулаттарын сақтаудың, соның ішінде мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы принципін сақтаудың өзектілігі ерекше", - деді КР СІМ.
"Осы орайда аталған принципті жүзеге асыруда қос стандартты пайдаланудан қашқақтаудың маңызы аса зор", -деді ол.