Жарияланды: 450

Мемлекеттік Әнұранымыз шетелде тағы масқара болды

Әнұранымызға қатысты кезекті келеңсіз жайт! Еліміздің ескі әнұраны бұл жолы Ресейдің Тверьде қаласында жергілікті хоккей клубы мен Қарағандының Сарыарқасы арасында өткен матч барысында орындалған.

Бір өкініштісі, спортшылар әнұраннан мақұрым екендерін тағы байқатып алды. Өйткені ескісі ойнап жатқанда бұл қалай деп жан-жағына қараған «Сарыарқаның» бір хоккейшісі жоқ. Қолдарын кеуделеріне қойып, тырп етпестен әуенді соңына дейін тыңдады. Айта кетейік, әнұранның орнына өзге әуендер қойылып масқара болуымыз алғаш рет емес. Естеріңізде болса, былтыр Францияда өткен ауыр атлетикадан Зулфия Шиншанло әлем чемпионы атанған сәтте де ескі әнұран шырқалған еді. Одан бетері, Кувейтте өткен мергендер сайысында орын алды. Алтыннан алқа таққан мергеніміз Мария Дмитриенконы марапаттау кезінде Бораттың сайқымазақ әуені қосылған болатын. Сондай-ақ Қостанай облысында шаңғы фестивалінің ашылуы кезінде мемлекеттік әнұран орнына Рики Мартиннің әні қойылған-ды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін