Мемлекеттік аппарат жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік аппарат жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс- ҚР президенті

Мемлекеттік аппарат жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс- ҚР президенті

"Барлық мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлікке және жеке меншікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс, әсіресе бұны мен құқық қорғау органдарына қаратып айтып отырмын",- деп мәлімдеді бүгін, 31-қазанда Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 31 Қазан 2003
  • 893
Фото - Caravan.kz

«Жеке меншіктің қасиетін мемлекеттік мекемелер ұғынуы тиіс, жеке меншік — саумал сиыр емес «,- деді Елбасы. «Қазақстан заңдары бойынша меншіктің барлық түрлерінің құқығы тепе-тең әрі жеке меншікке ешкім де қол сұға алмайды дегенді заң қорғауға міндетті барлық тараптар есте сақтауы тиіс «,- деп ескертті президент.

Сонымен бірге Н.Назарбаев мемлекеттік құқық қорғаушы органдар шағын бизнес субьектілерін тексеру функциясын одан әрі де атқара береді деп атап өтті. Кәсіпкерлерге қаратып мәлімдеме жасаған Елбасы :»құқық қорғау органдарын бүгін біз жан-жақтан жабыла жамандап, сіздердің алдарыңызда түбегейлі тізе бүктіреміз деп ойламаңыздар»,- деді. Елбасының пайымдауынша, «қазір жұмыс істеп жатқан мекеменің үстінен емес, керісінше, қаржы талап етіп қоқан-лоққы көрсететін мекеменің үстінен арыз-шағымдар түсуде». «Біз тексерушілер мен бақылаушылар үшін қорқытып қалта қағуға уақыт та, мүмкіндік те қалмайтындай жағдай жасауымыз керек «,- деп түйді өз сөзін Елбасы.

Соңғы жаңалықтар