Мемлекеттік бағдарлама аясында 313 тірек-ауылға жан-жақты қолдау жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік бағдарлама аясында 313 тірек-ауылға жан-жақты қолдау жасалады

Мемлекеттік бағдарлама аясында 313 тірек-ауылға жан-жақты қолдау жасалады

Астанада қала, аудан мен ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен республикалық семинар-кеңесте «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында тірек-ауылдарды дамыту жобасы таныстырылды.

  • 19 Қараша 2013
  • 416
Фото - Caravan.kz


ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бүгінде республика бойынша нақты 313 тірек-ауыл анықталды. «Жалпы, тірек-ауыл — бұл инженерлік инфрақұрылымы дамыған елді мекен. Ол білім беру, денсаулық сақтау, қаржы және мәдени шаралар жағынан көрші жатқан ауылдарға жан-жақты қызмет көрсетуі тиіс. Қазіргі кезде ондай ауылдар анықталды», — дейді С.Жұманғарин. Осыған орай, келесі жылдан бастап еліміздегі 313 тірек-ауылды дамыту жұмысы басталады. Биылдың өзінде осы мақсатта 43 млрд. теңге бөлінген. Вице-министр атап көрсеткендей, аталған бастама аясында «Жұмыспен қамту — 2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдау шараларын жан-жақты пайдалану жоспарланған.