Жарияланды: 470

Мемлекеттік БАҚ-ның бірқатар жетекшілері ауысты

-Республикалық ресми "Казахстанская правда" газеті басқармасының төрағасы болып Жанай Омаров тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Министрдің бұйрығымен "Қазправда" басқармасының төрағасы болып Жанай Омаров, "Қазақстан" ТРК-ның төрағасы болып Нұржан Мұхамеджанова тағайындалды", деді агенттікпен әңгімелесуші. 56-жастағы Ж.Омаров кезінде Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған, "Қазинформ" мемлекеттік ақпарат агенттігіне жетекшілік еткен, "Kazakhstan today" агенттігі" ЖШС-нің баспалар үйінің бас директоры, "Мы выбираем Караван - Караван выбирает нас" газетінің бас редакторы болған. Н.Мұхамеджанова бұл кезге дейін "31 каналдың" жетекшісі болған. Бүгін байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев "Казахстанская правда" газетінің редакциясына жаңа жетекшіні таныстырып, А.Тараков басқарма төрағасының орынбасары-газеттің бас редакторы болады, деп айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін