«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 14 Қараша 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Аталған заң жобасы Елбасының былтырғы жылғы жолдауында жүктелген тапсырманы орындауға бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары білім алуға қол жеткізу мемлекеттік білім беру гранттары мен оқу ақысын жеке төлеуді үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты білім беру қызметтерін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қосымша құралы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізу қарастырылады. Бұл жүйе білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы ретте заң жобасы кәсіптік білім беруді қаржыландырудың тиімді тетіктерін құруды, сапалы білім алуға қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерді арттыру мақсатында білім беру жинақтары жүйесін құқықтық реттеуді айқындайды.

Соңғы жаңалықтар