Жарияланды: 550

Мемлекеттік денсаулық сақтау органдарын дәрімен қамтамасыз етудің біртұтас жүйесі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді - Дерновой

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік денсаулық сақтау органдарын дәрімен қамтамасыз етудің біртұтас жүйесі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді, ол жартылай орталықтандыру және біртұстас сатып алушы операторды енгізуді қарастырады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дәрімен қамтамасыз етудің жаңа моделін мынадай кезеңмен енгізуді қарап мақұлдау қажет деп санаймын. 2009 жылы қажетті нормативтік базаны қалыптастыруды аяқтау, соның ішінде үкіметтің төрт қаулысын қабылдау, біртұтас операторды таңдау процедурасын өткізу, аймақтармен келісе отырып дәрі-дәрмектің тізімін бекіту. Сонымен бірге, келесі жылдың ішінде осы жүйені енгізу үшін біртұтас оператор техникалық ілеспе құжаттарды дайындап, тасымалдау, логистика, қоймаларды орналастыру, дәрілерді аймақтарға тарату схемасы жасалуға тиіс", -деді А. Дерновой. "2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап біртұтас оператор арқылы дәрілерді іс жүзінде сатып алу және дистрибуциялау жүйелерін іске қосу қажет", -деді министр. Ол дәрімен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі президенттің тапсырмасымен жасалғанын және ол "кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек шеңберінде стационар науқастар үшін айрықша маңызды негізгі дәрі-дірмекті сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын жасауды білдіретінін" атап өтті. "Бұл модель үкіметтің 20 мамырда өткен отырысында мақұлданды, оны енгізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер енгізді, онда мемлекеттік сатып алулар тізімінен дәрілік заттарды бөлу қарастырылған", - деді А. Дерновой. "ҚР Әділет министрлігінің қорытындысы бойынша "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңға үкіметтің біртұтас операторды таңдау құзыретін заңмен айқындайтын толықтыру енгізілді. Қазір осы заң жобасын жүзеге асыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтің бірқатар қаулыларының жобасын әзірледі", - деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін