Мемлекеттік гранттан қағылған студенттер ректорлық грантқа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік гранттан қағылған студенттер ректорлық грантқа ие болды

Мемлекеттік гранттан қағылған студенттер ректорлық грантқа ие болды

Кеше елордадағы «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова дарынды жастарға салтанатты түрде ректорлық гранттың сертификаттарын табыс етті.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 536
Фото - Caravan.kz

Грант иегерлері қатарында биыл мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері, ең жоғарғы 125 балл жинаған түлектер бар. Ректорлық грант барлығы 12 талапкерге берілді.

Бұл шара жеке университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қиын жағдайға тап болған жастарға қол ұшын созу мақсатында жүргізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Алтын белгіге» ие болған 39 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмай қалған еді. 



null

Соңғы жаңалықтар