Мемлекеттік кәсіпорындардың үлкен бөлігі таратылуы тиіс - М. Есенбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кәсіпорындардың үлкен бөлігі таратылуы тиіс - М. Есенбаев

Мемлекеттік кәсіпорындардың үлкен бөлігі таратылуы тиіс - М. Есенбаев

Мемлекеттік кәсіпорындардың үлкен бөлігі таратылуы тиіс.

  • 6 Маусым 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.

«Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру, қайта құрылымдау және тарату мәселелері бойынша ұсыныстарын енгізетін болады. Бұл шара өз кезегінде миллиардтаған мемлекет қаражаттарын үнемдеуге септігін тигізеді», — дейді М.Есенбаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысы тиімсіз, сондықтан да олардың функцияларын бәсекелестік ортаға берген оңтайлы.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасына сәйкес мемлекеттік монополия түрлерін қысқарту ұсынылады. Ал бұл шара өз кезегінде мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тәртіпке келтіруге, қызметтің бейінді емес түрлерін бәсекелес ортаға беру және мемлекеттің экономикаға араласуын азайту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар