Мемлекеттік кеңесші сайлауда дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кеңесші сайлауда дауыс берді

Мемлекеттік кеңесші сайлауда дауыс берді

№111 учаскеде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

  • 19 Наурыз 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz


Ол Ұлттық кітапхана ғимаратына келіп, өз таңдауын бірінші болып жасағандардың бірі болды. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, бұл сайлаудың арқасында елімізде қоғамдық-саяси алаң кеңейеді.

Парламентке жаңа депутаттардың келуі қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға сеп болады, — деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

— Бір мандаттық округтер бойынша сайлаудың өткізілуі, үміткерлердің ұсынылуы – биылғы сайлаудың ерекшелігі. Азаматтардың сайлауға қатысуға мүмкіндіктерін кеңейтті. Өздеріңіз білесіздер, пропорционалды жүйе болғандықтан, партия мүшелері ғана сайлауға қатысатын еді, енді мына бір мандатты округтық сайлау енгізілгеннен кейін қарапайым азаматтар міндетті түрде бір партияның мүшесі емес, жай адамдардың да сайлауға түсуіне мүмкіндік ашылды. Бұл, ең алдымен, сайлау құқығының кеңеюінің белгісі.

 

Соңғы жаңалықтар