Мемлекеттік хатшы бір топ ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік хатшы бір топ ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерін қабылдады

Мемлекеттік хатшы бір топ ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерін қабылдады

Алматы. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы президентінің Алматыдағы резиденциясында мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін бір топ ғылым мен өнер қайраткерлерін қабылдап, осы саланың еліміздегі жай-күйі туралы әңгімелесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 678
Фото - Caravan.kz

Ғылым академиясы үлкен ғылыми-техникалық базаға және жоғары интеллектуалды күшке ие, бұл оған ғылымның мықты іргетасты және қолданбалы саласын ойдағыдай дамытуға зор мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Академияға мемлекет тарапынан үлкен қамқорлықтар жасалуда, қазіргі таңда «Ғылым туралы» арнайы заң жобасы дайындалу үстінде. Алайда, кездесуде аталып өткендей, Академия, оның салалық институттары әзірге дейін мемлекет басшысының Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке лайық мемлекеттердің қатарына кіру туралы стратегиясын жүзеге асыруда үлкен белестерге шыға қойған жоқ. Кездесуде болған әңгіме қорытындысында М.Жұрынов: «Біздің ғалымдарымыз академиялық ғылымға жасап отырған тұрақты қамқорлығы үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғыстарын білдіреді және Қазақстанның ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында өздерінің лайықты үлестерін қосу үшін қолдан келгенінің бәрін жасайды», деп сендірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының көшбасшысы, оның түлектері ғылымда, білім саласында, экономикада және мәдениетте еліміздегі маңызды орындарды иемденеді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақ Ұлттық Университетінің жаңа ректоры Б.Жұмағұловпен болған кездесуде еліміздегі білім берудің сапасы мен жағдайы, жоғары оқу орындары ғылымын дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды.

Соңғы жылдары мемлекеттің тұрақты қолдауының арқасында қазақ кинематографиясы өзінің екінші тынысын ашты. Бүгінгі таңда біздің картиналарымыз беделді халықаралық фестивалдардың жеңімпаздары атанды. Сонымен бірге, Қазақстан киносы әлі де қоғамның рухани және қоғамдық саяси өмірін толыққанды ашып көрсетуде маңызды және қажетті мәнге ие бола алмай келеді. Күні бүгінге дейін экрандарымызда тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда болған тұтас дәуірге сай тарихи өзгерістер өзінің көркем бейнесін толық тапқан жоқ. И.Вовнянко еліміздің кинематографистері басқа да шығармашылық цехтар секілді бүгінгі күн тақырыбының маңыздылығы мен қажеттілігін терең түсінеді дей отырып, тәуелсіз Қазақстанның жаңаша тарихы жаңа көркем туындыларда өзінің лайықты бейнесін табатын болады деп мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшымен болған кездесуде Н.Оразалин: «еліміздегі экономикалық дамудың арқасында біз рухани жаңғыруды айқын көріп отырмыз және мұнда Қазақстан жазушыларының елеулі үлесі бар. Президент Н.Назарбаев ең қиын жылдардың өзінде қалам шеберлерін қолдауға уақыт пен мүмкіндік таба білді, оның өткен жылы бір топ қаламгерлермен болған кездесуінен кейін Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасы бойынша Жазушылар Одағының материалдық базасы анағұрлым жақсарды, оның өз басылымдары пайда болды, қаламақы мөлшері айта қаларлықтай өсті. Қазақстан жазушылары да тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын көрсететін талантты шығармалар тудырудағы өздерінің шығармашылық және азаматтық жауапкершіліктерін терең сезінеді»,- деді.

Е.Обаев және Р.Андриасянмен болған кездесулерде еліміздегі байырғы екі театрдың мәселелері жан-жақты әңгіме болды. Белгілі болғандай, осы жылы Әуезов театрының 85, ал Лермонтов театрының 75 жылдығы атап өтіледі.

Н.Кузнецов еліміздің қадірлі ақсақалдарының бірі, ол Қазақстанда дүниеге келді және өмір бойы осында тұрып, жұмыс жасады. Ол мемлекет басшысының зейнеткерлерді қамқорлыққа алудағы еңбегін ерекше бағалап, шынайы алғысын білдірді. Бұның өзі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде де Қазақстанда экономикалық өрлеу тұрақты қалпын сақтап отырғандығынан көрінеді деді. «Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында президент біздерді, өзінің ең қымбат жылдарын Отанға арнаған жандарды барынша қолдады, сондықтан біз мұндай қамқорлық алда да жалғасын таба береді, мемлекет Басшысы болашақта да әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптасқан ізбен тұрақты түрде жүргізе береді деп сенеміз» деп лебізін жеткізді.

Қабылдаулар қорытындысында мемлекеттік хатшы: «Бүгін болған ашық және қызықты пікірлесулер елімізде ғылымды, өнерді дамытуда, аға ұрпақты нақты қамқорлыққа алуда үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсетті. Менімен әңгімелескендер президенттің экономикасы қуатты және әлеуметтік дамуға бағытталған мемлекет құрудағы стратегиялық бағытын толықтай қолдайтындығын атап көрсетті» деді.

Мемлекеттік хатшының қабылдауында ҚР Ғылым акаде-миясының президенті М.Жұрынов, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Б.Жұмағұлов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалин, ҚР кинематографистер одағының төрағасы, шығармашылық одақтар Конфедерациясының басшысы И.Вовнянко, Әуезов атындағы қазақ драма театрының директоры Е.Обаев, Лермонтов атындағы орыс драма театрының бас режиссеры Р.Андриасян, сондай-ақ екі мәрте Социалистік Еңбек ері Н.Кузнецов болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар