Мемлекеттік хатшы Швейцарияның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік хатшы Швейцарияның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Мемлекеттік хатшы Швейцарияның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Швейцария конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стефан Нелленді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

  • 21 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Сіз Қазақстанда елші болып қызмет еткен жылдарда шын мәнінде біздің еліміздің үлкен досына айналдыңыз. Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастар өте биік сатыға көтерілді»,-деді М. Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, С. Неллен Қазақстанға елші болып келген кезде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1 млрд. доллардың шамасында болса, бүгінде ол 5 есеге дейін өсіп, 5 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Осының барлығында да Сіздің үлесіңіз бар. Сіздер Италия, Қытай, Нидерланды сияқты мемлекеттерден кейінгі Қазақстанның төртінші үлкен сауда әріптесіне айналдыңыздар»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан дипломатқа екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі, Қазақстанның маңызды сыртқы саяси акцияларында, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрғалық ету кезеңіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар