Мемлекеттік хатшы Түркия елшісі Атилла Гүнайды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік хатшы Түркия елшісі Атилла Гүнайды қабылдады

Мемлекеттік хатшы Түркия елшісі Атилла Гүнайды қабылдады

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бүгін Ақордада Түркия Республикасының біздің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Атилла Гүнайды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

Әңгімелесуші тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, сондай-ақ екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамыту үшін әлеуеттің мол екендігін ерекше атап көрсетті.

«Біздің халықтарымыздың тіл мен мәдениетінің тарихи тамырластығы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табысты ынтымақтастығы, екі ел басшыларының арасындағы сенімінің жоғары деңгейінің дәстүрлілігі бүгінгі қазақстан-түрік қатынастарына ерекше тереңдік және серпін беріп отыр. Түркі әлемінің екі ендігінде орналасқан түйісу ошағы болып табылатын Қазақстан мен Түркия түркітілдес мемлекеттердің одан да тиімді саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығы үшін маңызды рөл атқара алады», — деп мәлімдеді кездесуде мемлекеттік хатшы.

Екі ел ынтымақтастығында энергетика саласы, атап айтқанда, Қазақстанның көмірсутекті шикізаттарын Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты арқылы тасымалдау, Жейхан портында мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу ерекше маңызды. Кездесуде Қазақстан мен Түркия басшыларының өзара сапарлары барысында қол жеткізілген, атап айтқанда көлік және коммуникациялар саласындағы уағдаластықтар аясында өзара тауар айналымының көлемін 2010 жылға қарай 5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту қажеттігі аталып өтті.

«Біздің елдерімізді саяси және экономикалық салаларда жақсы дамып отырған бауырлас қарым-қатынастар байланыстырады. Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдету менің елші қызметіндегі басты міндетім деп білемін», — деп мәлімдеді А.Гүнай журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар